Еліміздің денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтін пәкістандық шайдың нарықта саудалану деректерін анықтады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің сейсенбі күні таратқан ақпаратына сәйкес, "Al Barkat" ( өндірушісі - "A.A. Mughal General Traders"), "Gajjal's Теа" (КPK "Gajjal's"), "Allama" ("MTI medical Pvt"), "Pac Tea" ("Zaib-un-Nisa street Sadar Karachi") және "Allied Tea" ("S.I.T.E. Karachi") шайларында шайға қолдануға тыйым салынған Е110 және тартразин Е102 синтетикалық бояуларын анықтаған.
"Сондай-ақ, "Al Barkat" шайындағы зеңнің мөлшері нормадан 10 есе, ал "Gajjal's Теа" шайында 2-4 есе асып кеткен", – делінеді хабарламада.
Сонымен қатар пәкістандық шай маркалау жөніндегі талапқа сай келмейді: оның дайындалған күні, өндірушінің атауы мен орналасқан жері, ЕАЭО-да айналымға шығарудың бірыңғай таңбасы көрсетілмеген.
"Комитет талапқа сай келемейтін пәкістандық шайды саудадан алу және көзін жою, сондай-ақ оны тасымалдау мен саудалауға тыйым салу жөніндегі уақытша санитарлық шаралар енгізу жұмыстарын жүргізуде", – делінген хабарламада.