Пәкістандық шайлардың құрамынан синтетикалық бояғыштар табылды

1390

Тауарлардың талаптарға сай келмеуін жою мақсатында 1992-ден астам нұсқама берілген, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 677 іс қозғалып, 151 сот қаулысы шығарылды. 

Пәкістандық шайлардың құрамынан синтетикалық бояғыштар табылды

Пәкістанда шығарылған шайдың 6 атауын әкелуге және сатуға тыйым салу туралы уақытша санитариялық шаралар енгізілді.

"Тауарлардың талаптарға сай келмеуін жою мақсатында 1992-ден астам нұсқама берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 677 іс қозғалды, 151 сот қаулысы шығарылды, сауда кәсіпорындарында 19,6 тоннадан астам өнім сатудан алынды, 56 млн теңгеден астам жалпы сомасында айыппұл салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп", - деп мәлімдеді  ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, тыйым салынған синтетикалық бояғыштар, зең және ашытқының болуына байланысты Пәкістанда шығарылған шайдың 6 түрін әкелуге және сатуға тыйым салу туралы уақытша санитариялық шаралар енгізілгенін де атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу