Бокстан Пәкістан құрамасының бас бапкері болып қазақстандық маман тағайындалады. Бұл туралы Пәкістан бокс федерациясының бас хатшысы Насир Танг TheNews.com.pk басылымына берген сұқбатында айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz.
"Қазақстанның боксы мықты. Сондықтан да біз осы елден маман шақыруды жөн көрдік. Бұл сауалды шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстан бокс федерациясы көмектесетінін айтты. Жуық арада олар ресми жауап беріп, лайықты маман тауып береді деген үміттеміз", - дейді Пәкістан бокс федерациясының бас хатшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу