Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі 14 жылға бас бостандығынан айырылды

235

Имран Хан мен оның әйелі Бушра Биби кінәсін мойындамады.

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі 14 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: АР

Екеуіне жер телімдерін сыйға алды деген айып тағылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Reuters-ке сілтеме жасап.

Үкім Имран Хан 2023 жылдың тамызынан бері қамауда отырған Равалпинди қаласындағы түрмеде шығарылды.

Имран Ханның көмекшісі Омар Аюбтың айтуынша, партия үкімге жоғары тұрған сот инстанцияларына шағым түсіруге ниетті.

72 жастағы бұрынғы премьер-министрге 2018-2022 жылдар аралығында премьер-министр болған кезінде құрылыс салушыдан заңсыз қызмет көрсету үшін жер телімдерін сыйға алған деген айып тағылды.

Іс Премьер-министр болған кезінде ерлі-зайыптылар құрған Al-Qadir Trust қайырымдылық ұйымына қатысты.

Прокурорлар бұл қор құрылыс салушыдан заңсыз жер алу үшін пайдаланылғанын айтады.

Имранның "Әділет үшін Пәкістан бастамасы" (PTI) партиясы бұл жер жеке пайда үшін емес, бұрынғы премьер-министр құрған рухани және білім беру мекемесіне арналған деп мәлімдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу