Исламабадта Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі және "Әділет қозғалысы" оппозициялық партиясының төрағасы Имран Хан тұтқындалды, деп жазады inbusiness.kz TACC порталына сілтеме жасап.
Саясаткер "Аль-Кадир траст" қорының қаражатын мақсатсыз ысырап ету ісі аясында қамауға алынды.
Еске сала кетсек, Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан 2022 жылдың 10 сәуірінде қызметінен босатылды.
Қазіргі уақытта Пәкістан соттарында оған қатысты түрлі айыптар бойынша қылмыстық істер қозғалған.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                                                    