Исламабад Жоғарғы соты Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Ханды қамауға алу мерзімін 2 аптаға шегергеннен кейін ол сот отырысынан босатылды, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
"Имран ханның өзіне тиесілі "әл-Кадир траст" қорына қатысты іс бойынша кепілге босату туралы өтініші мақұлданды", - деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Алдыңғы күні Жоғарғы Сот Ханның қамауға алынуын заңсыз деп тауып, оны қамаудан босату туралы қаулы шығарды, бірақ бұрынғы премьер-министрге үйге оралуға рұқсат берілмеді. Оған жұма күні қайтадан сотқа келу үшін сотқа жақын жерде орналасқан қонақ үйде түнеу бұйырылды.
Хан 9 мамыр күні 1 мамырда берілген қамауға алу ордері негізінде қамауға алынды. Оған сыбайлас жемқорлыққа барып, "әл-Кадир траст" қорының ақшасын жымқырды деген айып тағылды. Тергеу мәліметтері бойынша, саясаткер Премьер-Министр болған жылдары Ұлыбританияда жылжымайтын мүлік сатумен айналысаиын фирмадан түскен шамамен 175,5 миллион долларды заңдастырған. Ханның қамауға алынуы елдің бірқатар ірі қалаларында, соның ішінде астанада жаппай наразылық тудырды.