Пәкістанның Пенджабында торуылға тап болған 11 полиция қызметкері қаза тапты

152

Бейсенбіде Пәкістанның Шығыс Пенджаб провинциясында қылмыскерлер полиция колоннасын торуылдады, нәтижесінде кем дегенде 11 қызметкер қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды. 

Пәкістанның Пенджабында торуылға тап болған 11 полиция қызметкері қаза тапты Фото: Известия

Бұл туралы полиция мен ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Sky News хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атыс қаруы мен граната атқыштармен қаруланған шабуылдаушылар аймақтағы қылмыскерлерге қарсы операция аясында қаңырап бос жатқан жерде өтіп бара жатқан полиция колоннасына шабуыл жасады.

Телеарна соңғы жылдары Пәкістанда содырлардың шабуылдары көбейгенін атап өтті. Пәкістанның қауіпсіздік күштері көбінесе Пенджаб провинциясының шығысында және Синд провинциясының оңтүстігінде күдіктілерге қарсы операциялар жүргізеді, өйткені онда қарақшылар ауылдық не орманды жерлерде жасырылады.

Sky News президент Асиф Али Зардари, премьер-пинистр Шахбаз Шариф және ішкі істер министрі Мохсин Накви шабуылды айыптап, өлтірілген офицерлерді "шейіттер"деп, олардың туған-туыстарына  көңіл айтты.

Сондай-ақ, саясаткерлер жараланған жеті офицердің тезірек сауығып кетуін тілеп, шабуылдаушыларға қатысты жедел әрі тиімді шаралар қабылдауға бұйрық берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу