Оқиға болған жерде құтқару жұмыстары аяқталды. Апат Навабшах қаласына жақын жерде болды. Пойыз Карачиден Равалпинди шаһарына кетіп бара жатқан кезде жолдан шығып кетіп, 10 вагон аударылып қалған. Апаттың себептері әлі белгісіз.
Жалпы Пәкістан теміржолдарының көбі тозған. Сондықтан елде осындай оқиғалар жиі тіркеледі.
- Біз теміржолға жақын жерде тұрғанбыз. Бір кезде жолда келе жатқан пойыз рельстен шығып кетті. Айнала у-шу болды. Жалма-жан адамдарды құтқаруға кірістік, деді куәгер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу