Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен

280

Қалаға келген шетелдіктердің хостелге орналасқандықтары анықталды.

Пәкістанның төрт азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Фото: Polisia.kz

Алматы полиция департаменті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Пәкістанның төрт азаматын ұстағанын мәлімдеді. 

Алматының көші-қон қызметі хабарлағандай, 30 қазанда бөлімше қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады. 

Олар ҚР ҚК-нің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған. 

Қалаға келген шетелдіктердің хостелге орналасқандықтары анықталды. “Қонақтардың” алдағы жоспарлары мен қылмыстың себептері тергеу барысында белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу