Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясында лаңкестік әрекеттен 4 адам қаза тапты. Бесеуі жарақаттанған, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға Панджгур қаласының маңында болды. Тасжолдың жиегіне қойылған жарылғыш затты көлікпен келе жатқан ауыл тұрғындары басып өтеді. Мұндай қастандықты кім жасағаны белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Айта кетейік, аптаның бас кезінде Лахор қаласында да жанкешті теракт жасап, 25 адам қаза тапқан. Жарылысты "Талибан" радикалды қозғалысы мойнына алған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу