"Палау, алып экран...": Өзбектер әлем чемпионатындағы тарихи ойынын қалай тамашалады?

Көрші елдің футболдан әлем чемпионатына алғаш рет қатысуы тарихи оқиғаға баланады.   

"Палау, алып экран...": Өзбектер әлем чемпионатындағы тарихи ойынын қалай тамашалады? Фото: inbusiness.kz

Көптен күткен матч күні Өзбекстанның барлық қаласында бұрын-соңды болмаған футбол атмосферасы орнады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ташкенттің орталық алаңдары мен саябақтарында алып LED-экрандар орнатылып, мыңдаған жанкүйер ұлттық құраманың тарихи ойынын бірге тамашалады. Олар әрбір қауіпті шабуыл кезінде әртүрлі эмоцияда болғанын байқау қиын емес. Бұл туралы бейнеүзінділер әлеуметтік желілерге жарияланды. 

Елдің көптеген мейрамханасы мен тойханасы арнайы футбол кештерін ұйымдастырды. Үстелде өзбек палауы, самса мен шай қойылып, келушілер матчты ұлттық тағамнан дәм тата отырып көрген. 

Кейбір өңірлерде тұрғындар көршілерімен бірге аулаға теледидар шығарып, ашық аспан астында матч қараған. Ал дәмханалар мен шайханалардың көпшілігінде ине шаншар орын болмады.

"Өзбекстанда бүгін тойханалар босамайды, бірақ той үшін емес, футбол үшін" деген жазбалар көп таралды. 

Өзбекстан ұлттық құрамасының жеңілісіне қарамастан, жанкүйерлердің көңілі түскен жоқ. Көпшілік үшін басты жеңіс елдің әлем чемпионатына шығуы еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу