Астананың орталық саябағында Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі

220

Ұлыстың ұлы күніне орай жаппай мерекелер мен концерттер 21 және 22 наурыз күндері болады. 

Астананың орталық саябағында Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі Фото: Астана қаласының әкімдігі

Мереке күндері орталық саябақта палау әзірленеді. Астаналықтар үшін мерекелік тағамдарды Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Әзербайжан елдерінің аспаздары дайындайды. Бұдан бөлек, XVIII ғасырлық тарихи қазанда хан сорпасы әзірленеді, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Мейрамға Тәжікстан мен Иран елшіліктері атсалысады. Олар ұлттық нақыштағы киіз үйлерді безендіріп, өз мәдениеттеріндегі Наурыздың айырмашылығы мен ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

Мерекелік шараның шақырылған қонақтары "Барыс" хоккей клубының жұлдыздары болмақ. Олар киіз үйде қолтаңба таратып, спорт сүйер қауыммен кездеседі.

Жаппай тойлау кезінде қонақтар тақырыптық фото аймақтарда, ұлттық киіз үйлерде батырлармен, домбырашылармен, тазымен және бүркітпен естелікті суретке түсе алады.

  • Мереке Тұран даңғылындағы орталық саябақта сағат 13:00-де басталады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу