Палестина Вашингтонның "Ғасыр келісіміне" байланысты АҚШ және Израильмен барлық қарым-қатынасын тоқтатады. Палестина басшысы Каирде осылай деп мәлімдеді, деп жазады 24.kz.
Махмуд Аббас таяуда БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне өзге жоспар ұсынатынын жеткізді.
Еске сала кетсек, қаңтардың 28-і күні президент Дональд Трамп Палестина-Израиль қақтығысын шешуге бағытталған "Ғасыр келісімі" жобасын жариялаған. Оған сәйкес Иерусалим Израиль астанасы деп танылып, Палестинаның бас қаласын Шығыс Иерусалимде құру қарастырылған. Бірақ Палестина бұл жобаға үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, болашақ мемлекеттің аумағын 1967 жылғы шекара бойынша белгілеуді талап етіп отыр.