Палестина бұрын-сонды болмаған қаржылық дағдарысқа ұшырады

204

Трансферттердің күрт төмендеуі мен экономикалық белсенділіктің жаппай тоқтауына байланысты Палестина автономиясының кіріс ағындары тоқтады.

Палестина бұрын-сонды болмаған қаржылық дағдарысқа ұшырады Фото: World Bank Photo Collection

Палестина ұлттық әкімшілігінің (ПҰӘ) бюджет тапшылығы алдағы айларда екі есеге артып, 1,2 миллиард долларға жетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты Дүниежүзілік банк (ДБ) мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кіріс көлемі мен мемлекеттік шығындарды қаржыландыруға қажетті сома арасындағы қаржылық алшақтық 682 миллион АҚШ долларына жетті. Алдағы айларда бұл алшақтық екі есеге артып, 1,2 миллиард долларға жетеді деп болжануда", — деп болжайды халықаралық қаржы ұйымы.

ДБ мәліметтері бойынша, Палестина автономиясы үшін қаржыландырудың жалғыз қол жетімді нұсқасы шетелдік көмекті ұлғайту және мемлекеттік қызметкерлер алдында жаңа қарыздарды жинақтау болып қала береді.

2024 жылдың алғашқы айларында Палестина экономикасы қатты күйзеліске ұшырады. 2024 жылға арналған перспективалар мүлдем белгісіз болып қалса да, экономиканың одан әрі 6,5−9,6% қысқаруы болжануда, деп қосады ДБ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу