Палестина Денсаулық сақтау министрі Израильдің қылмыстарын тергеуге шақырды

301

Министр Израиль әскерилері ауа райы суық болған кезде жарақат алған палестиналықтарды ауруханадан әдейі шығарды деп мәлімдеді.  

Палестина Денсаулық сақтау министрі Израильдің қылмыстарын тергеуге шақырды Фото: Reuters

Палестинаның Денсаулық сақтау министрі Мэй Кайле халықаралық қауымдастықты Газа секторындағы Израильдің әскери қылмыстарын тергеу шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Израиль әскери күштері палестиналықтарды "Камаль Адван" ауруханасының ауласында тірідей жерлегені туралы ақпарат бойынша халықаралық тергеу жүргізуге үндеді. Кайле тиісті шаралар қабылдап,  Газадағы әскери қылмыстарға көз жұма қарауға болмайтынын айтты.

Министр сонымен қатар Израиль әскерилері ауа райы суық болған кезде жарақат алғандарды ауруханадан әдейі шығарып, медициналық қызметкерлерге шабуыл жасап, науқастардың өміріне қауіп төндірді деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу