Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне байланысты 140 мыңға жуық адам үйлерінен кетті, деп хабарлады палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің байланыс директоры Джульетт Тума, деп жазады inbusiness.kz.
"Біздің мектептерде 140 мыңға жуық адам уақытша пана тапты. Бұл БҰҰ агенттігі ұсынған мектептер, қазір орынның 90%-ы толық", - деді ол.
Яғни жоғарыда айтылған адамдардың барлығы мәжбүрлі түрде өз үйлерін тастап кеткен жандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу