Палестина-Израиль қақтығысында 25 АҚШ азаматы қаза тапты

649

Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге барды.

Палестина-Израиль қақтығысында 25 АҚШ азаматы қаза тапты Фото: bbc.com

АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен мен Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың  қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында 25 АҚШ азаматы қаза тапқаны мәлім болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкен Палестина-Израиль қақтығысының алтыншы күнінде Израильге барды. Сапар барысында ол бірнеше кездесу өткізеді деп жоспарланған. Алдымен Блинкен Израиль премьер-министрі Нетаньяхумен кездесті. 

Кездесуден кейін баспасөз мәлімдемесін жасады. Онда Американың мемлекеттік хатшысы

"Қақтығыс кезінде кемінде 25 АҚШ азаматы қаза тапты", - деді.

Сонымен қатар Блинкен бүгін Израиль президенті Исаак Герцогпен кездеседі. Ал ертең ертең Палестина басшысы Махмуд Аббаспен жүздеседі деп күтілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік хатшы Блинкен АҚШ президенті Джо Байден мен Америка халқы Израильді қолдайтынын тағы бір мәрте еске салды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу