Палестина-Израиль шиеленісі: бүлдіршін қаза тапты

1062

10 мамырда Израиль мен Палестинаның Газа секторы арасындағы шекарада жағдай ушықты.

Палестина-Израиль шиеленісі: бүлдіршін қаза тапты

Израильдің Лод қаласындағы зымыран шабуылынан 7 жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Jerusalem Post мәліметі бойынша, атыс салдарынан 7 жасар қыз бен 40 жастағы ер адам қайтыс болды. Ал Times of Jerusalem дерегіне сүйенсек, бүлдіршіннен бөлек 40 жастағы әйел адам қаза тауып, бір адам жарақат алған. Осы жағдайдан кейін қалада төтенше жағдай жарияланды.

10 мамырда Израиль мен Палестинаның Газа секторы арасындағы шекарада жағдай ушығып кетті. Палестина топтары Израильге Газадан 600-ден астам зымыран ұшырып, Израиль олардың 200-ін қағып түсірді. 

Израиль бұған жауап ретінде Газа секторына соққы жасап, салдарынан екі күн ішінде 30 адам (оның 10-ы бала), 203 адам жарақат алды. Бұл елдің Сыртқы істер министрлігі Газадан жасалған зымыран шабуылынан екі израильдіктің қаза тапқанын мәлім етті. Кейінірек Тель-Авив маңындағы Ришон Ле-Сион қаласында бір адамның ажал құшқаны, Тель-Авив маңындағы Холон қаласында үш адамның зардап шеккені хабарланды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: cfr.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу