Палестина-Израиль шиеленісі: тағы 349 адам жарақат алды

1075

Басым бөлігі – Газа секторына ұшырылған бомбалардың салдарынан зардап шеккендер.

Палестина-Израиль шиеленісі: тағы 349 адам жарақат алды Фото: reuters.com

Палестина мен Израиль арасындағы шиеленіс кезінде Палестина территорияларында өткен тәулікте 349 адам жарақат алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қызыл Жарты Ай ұйымына сілтеме жасап. 

"Біздің бригадалар батыс жағалауда, Газа мен Иерусалимде жарақат алғандарды тіркеді. Олардың саны 349-ке жеткен", – деп жазылған ұйымның мәлімдемесінде.

Басым бөлігі – Газа секторына ұшырылған бомбалардың салдарынан зардап шеккендер. Израиль тәртіп сақшылары батыс жағалаудағы тұрғындарға қарсы көзді жасаурататын газ, резеңке оқ қолданған. 

Бұған дейін Израиль Газа секторында жер үсті және әуе шабуылын жасайтынын жариялады. Палестина белсендісі Манар Заанин Израильмен арадағы шекараға жақын орналасқан Бейт-Ханун қаласындағы Амал кварталынан адамдар қашып, қауіпсіз жерге кетіп жатқанын айтты. Кейінірек Израиль армиясы Газа секторында жер үсті шабуылын жүргізу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

10 мамырдан бері Израиль әскері мен Газа секторындағы палестиналық радикалдар арасындағы қақтығыс басылмай тұр. Бұған Шығыс Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі тәртіпсіздіктер себеп болды. Сол кездегі шабуыл салдарынан 700-ден астам палестиналық зардап шеккен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу