Палестина мен Израиль екі-үш күнде ымыраға келуі мүмкін – елші

1095

Египет қос тарапты татуластырып жатыр. 

Палестина мен Израиль екі-үш күнде ымыраға келуі мүмкін – елші

Палестина алдағы екі-үш күнде Израильмен атысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын. Бұл туралы Палестинаның Ресейдегі елшісі Әбдел Хафиз Нофаль мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Нофаль Палестина мен Израиль арасындағы бітім туралы келіссөздерде негізгі делдал ретінде Египет әрекет ететінін айтты. Алайда Израиль Каирдің атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдамай тастаған болатын. Елшінің айтуынша, қақтығыс Иерусалимдегі Шейх-Жаррах кварталынан Палестина отбасыларын қуып шығарудан басталған,сондықтан бітімге бірінші болып  Израиль келуге тиіс.

"Егер Египет Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылдарын тоқтата алса, Палестина фракциялары зымыран ұшыруын тоқтатады",– деді Нофаль. 

Израиль мен Палестина арасындағы шиеленіс 10 мамырдан бері басылмай тұр. Израиль елдімекендеріне мыңдаған зымыран шабуылдары жасалды. Соңғы мәлімет бойынша, бұл елдің 10 бейбіт тұрғыны мен бір әскери қызметкері қаза тапты. 
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл шабуылдардан осы күнге дейін 220 палестиналық қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу