Палестина Нетаньяху үкіметімен келісімге келу мүмкін емес деп санайды

151

Бұл туралы Палестинаның Ресейдегі елшісі Абдель Хафиз Нофал "Известияға" берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Палестина Нетаньяху үкіметімен келісімге келу мүмкін емес деп санайды Фото: CHERISS MAY / NurPhoto via AFP

"Біз бейбітшілік процесін қалаймыз, бірақ Газа секторында, батыс жағалауда, Иерусалимде және барлық басқа аймақтарда адамдарды қырып жатқан бүгінгі израильдік үкіметпен емес. Олармен қандай да бір келісімге қол жеткізу мүмкін емес", - деп атап өтті дипломат.

Нофалдың айтуынша, нағыз бейбітшілік процесі жаңа Израиль басшылығымен және оның соған деген ұмтылысымен жасалуы керек. 

"Екі мемлекет моделінен айтарлықтай ауытқу байқалады. Бірақ палестиналықтар әлі де екі мемлекет құру туралы шешімге негізделген нақты әрі дәйекті көзқарасқа сәйкес бейбітшілік процесінен үміт артып келеді", - деп қосты елші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу