Палестина президенті Махмуд Аббас БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газадағы атысты тоқтатуды талап ететін қарар жобасына вето жариялаған АҚШ-тың әрекетін "аморальдық" деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Палестинаның WAFA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Аббас АҚШ-тың атысты тоқтату туралы заң жобасына қойған ветосын айыптап, "Газаның жазықсыз тұрғындары Вашингтон әкімшілігінің Израильді қолдау жөніндегі саясаты салдарынан қаза тапты" деп мәлімдеген.
"АҚШ саясаты Газа секторында, Батыс жағалауда және Иерусалимде Израильдің Палестина халқына қарсы геноциді, этникалық тазартуына және әскери қылмыстарына бағытталып отыр", – деді ол.