Палестина тарихи қадам жасады

Олар БРИКС-ке кіруге өтініш беріп отыр.  

Палестина тарихи қадам жасады Фото: Газета.ру

Мұндай жаңалықты Ресейдегі Палестина елшісі Абдельхафиз Нофаль мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Елшінің сөзінше, Палестина әзірге толыққанды мүше болғанға дейін бірлестік жұмысына қонақ ретінде ғана қатысады. 

Еске салайық, қазіргі уақытта БРИКС құрамында 10 мемлекет бар. Олар – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Мысыр, Иран, БАӘ, Эфиопия және Сауд Арабиясы. 

Бұған дейін әлемдегі 160-қа жуық ел Палестинаны мойындап отырғанын жаздық. Яғни, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің арасында Палестинаны ресми түрде мойындағандар саны соңғы күндері күрт артып, 157-ге жетті. 

21 қыркүйек күні Канада, Австралия, Ұлыбритания және Португалия, ал 22 қыркүйекте Франция, Монако, Люксембург, Мальта және Сан-Марино Палестинаны ресми мойындаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу