Палестина туын ұстап, Биг-Бен сағатының төбесінде 16 сағат отырған адам қамауға алынды

187

Құтқарушылар оны төмен түсуге көндірген.

Палестина туын ұстап, Биг-Бен сағатының төбесінде 16 сағат отырған адам қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Полиция Вестминстер көпірін жауып, Британ парламенті ғимаратына экскурсияларды тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Жексенбі, 9 наурызда Лондон полициясы Вестминстер сарайының Биг-Бен атымен белгілі Элизабет мұнарасына көтерілген ер адамды ұстады. Ол ғимарат төбесінде қолына Палестина туын ұстап отырған.

Төтенше қызметтерге 8 наурыз, сенбі күні таңертең мұнарада ер адам отырғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Виктория жағалауына "Палестина азат!" деп айқайлаған шағын топ жиналған. Сағат 10:00-де мұнараға жанына өрт сөндіру машинасы келген. Сол жерден төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері белсендімен мегафон арқылы келіссөз жүргізіп, оны түсуге көндірген.

Ер адам құтқарушылар жақындаған сайын оларды "жоғарыға көтерілуді жалғастыра беремін" деп қорқытып, тек "өз шартымен" ғана төменге түсетінін айтқан.

Ол жүруді жеңілдету үшін аяқ киімін шешкен, бірақ көп ұзамай аяғын жарақаттап, мұнараның тастарын қанға бояған.

Құтқарушылар мен полицейлердің ер адаммен келіссөздері күні бойы жүргізілген, тек жексенбіге қараған түнде аяқталды. Ол мұнараның үстінде 16 сағат отырды.

Ер адам жерге түскен бойда қамауға алынды.

– Әкімшілік оқиғаның мән-жайын зерттеп, "қорытынды шығарады", – деп атап өтті парламент өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу