Палестина жақтаушылары Финляндия Қорғаныс министрлігі ғимаратына бояу шашты

81

Белгісіз біреулер Финляндия Қорғаныс министрлігінің Хельсинкидегі ғимаратына бояу шашқан. Жұма күнге қараған шақта болған оқиғаға күдіктілер де аталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Палестина жақтаушылары Финляндия Қорғаныс министрлігі ғимаратына бояу шашты  Фото: Yle

Yle порталының мәліметінше, ғимараттың қасбеті жергілікті уақыт бойынша шамамен 01:42-де қызғылт түсті бояумен боялған. Алдын ала ақпарат бойынша бұл іске бір ер адам мен бір әйел адамның қатысы болуы мүмкін. Олар оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.

Бұл әрекет үшін жауапкершілікті Palestine Action атты белсенділер тобы өз мойнына алды. Олар Газадағы әскери қақтығыстар мен Финляндия Қорғаныс министрлігінің Израильдің қорғаныс компанияларымен әріптестігіне қарсы екендерін мәлімдеген. Топтың айтуынша, акция барысында суға еритін бояу қолданылған.

Хельсинки полициясы бұл оқиға бойынша тергеудің бастапқы кезеңде екенін және күдіктілердің жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу