Палестинаға берілген көмек Хамастың туннельдерінде жатыр - Израиль Қазақстанның көмегі туралы пікір білдірді

854

Симона Гальперин Израиль палестиналықтарға көмек көрсетуге қарсы емес екенін жеткізді.

Палестинаға берілген көмек Хамастың туннельдерінде жатыр - Израиль Қазақстанның көмегі туралы пікір білдірді Фото: Reuters

Израиль Сыртқы істер министрлігі бас директорының Еуразия және Балқан елдері бойынша орынбасары Симона Гальперин 2023 жылғы 7 қарашада өткен брифингте Қазақстанның Палестинаға гуманитарлық көмек ретінде бөлген миллион долларына қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Симона Гальперин Израиль палестиналықтарға көмек көрсетуге қарсы емес екенін жеткізді.

"Израиль палестиналықтарға көмектесуге қарсы емес. Айта кеткен жөн, Израиль палестиналықтармен емес, ХАМАС-пен соғысып жатыр. Мен бұл туралы тағы да анықтап айтқым келеді, бұл көмек ХАМАС-қа емес, палестиналықтарға берілуі керек. Көмек ауруханаларға, мектептерге, балабақшалар салуға, экономикаға баруы керек", деді Симона Гальперин

Ол соңғы жылдары палестиналықтар басқа мемлекеттерге қарағанда әртүрлі халықаралық ұйымдар мен елдерден көп гуманитарлық көмек алғанын айтты.

"Өкінішке қарай, соңғы онжылдықтарда палестиналықтар БҰҰ мен басқа ұйымдардан  көбірек көмек алды. Бірақ бұл көмек қайда? Сумен қамтамасыз ету мен өнеркәсіптің, экономиканың, мектептер мен ауруханалардың орнына оның бәрі жер астында, ХАМАС-тың туннельдерінде жатыр. Сондықтан біз палестиналықтарға көмектесуге мүлдем қарсы емеспіз, көмек Палестинаның бейбіт тұрғындарына берілуі керек", деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Палестинаға 1 млн доллар гуманитарлық көмек беретінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу