Палестиналықтардың Газаның солтүстігіне оралуы ХАМАС қозғалысына байланысты болады

БҰҰ-ның палестиналық босқындар ісі жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін басталған Израильдің әскери науқаны нәтижесінде анклав халқының 85%-ы қоныс аударған. 

Палестиналықтардың Газаның солтүстігіне оралуы ХАМАС қозғалысына байланысты болады Фото: Anadolu Agency

Палестиналықтардың Газаның солтүстігіне оралуына рұқсат беру ХАМАС-пен кепілге алынғандарды босату туралы келісімнің бір бөлігі болуы қажет. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Axios порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біз кепілге алынғандарды босатуда ілгерілеушілік болмаса, палестиналықтардың Газаның солтүстігіндегі үйлеріне оралуына жол бермейміз", - деп түсіндірді Израильдің жоғары лауазымды шенеунігі.

Бұл туралы Израиль өкілдері АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге осы аптада елге сапары кезінде хабарлайтыны туралы атап өтті.

Сонымен қатар, Израиль келіссөзшілерінің пікірінше, палестиналықтардың Газаның солтүстігіне оралуы Израиль бас тартқысы келмейтін маңызды қысым тұтқасы болып табылады.

"Израильдік және америкалық кепілге алынғандар Газа сектторында әлі де қамауда отыр. Біз оларды босату үшін жаңа мәміле жасауға болатынын немесе болмайтынын бірнеше апта ішінде анықтаймыз деп ойлаймыз", - деді екінші шенеунік.

Axios порталы сұхбатшысының айтуынша, Израиль мен Америка Құрама Штаттары тұрғындардың солтүстікке оралуы қысқа мерзімде болмайтынын түсінеді, себебі кейбір аймақтарда шиеленіс әлі де жалғасуда.

"Алайда, Израиль шенеуніктері Блинкенге мүмкіндігінше палестиналықтардың үйлеріне немесе баспаналарына болашақта оралуы үшін АҚШ және БҰҰ-мен жоспарлау процесін бастауға дайын екендіктерін айтады деп күтілуде", - деп қосты шенеунік.

БҰҰ-ның палестиналық босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәліметінше, 7 қазан күні ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін басталған Израильдің әскери науқаны нәтижесінде анклав халқының 85%-ы қоныс аударған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу