Палестинаны мемлекет ретінде танудың қажеті жоқ – Чехияның Премьер-министрі

238

Палестинаны мемлекет ретінде тану қазіргі жағдайда мағынасыз әрекет.  

Палестинаны мемлекет ретінде танудың қажеті жоқ – Чехияның Премьер-министрі Фото: STMEGI

Норвегия, Ирландия және Испания Палестинаны ресми түрде мемлекет ретінде таниды деген жаңалыққа қатысты Чехияның Премьер-министрі Петр Фиала өз пікірін білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Палестинаны мемлекет ретінде танудың дәл қазір мағынасы жоқ, өйткені оны кім және қай аумақта басқаратыны белгісіз", — деді ол.

"Палестинаның өз мемлекетін құруы дұрыс па?" деген сұраққа ол кейбір дүниелерді ескерген жағдайда оң жауап беретінін айтты.

"Екі мемлекеттің — Израиль мен Палестина тұжырымдамасы жақсы биік екені сөзсіз. Ал оған қаншалықты тез және қандай тәсілдермен қол жеткізуге болатыны басқа мәселе", — деп нақтылады Фиала.

Естеріңізге сала кетейік, жалғасып жатқан Палестина-Израиль қақтығысы аясында 22 мамыр күні Норвегия, Ирландия мен Испания Палестинаны ресми түрде тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. Бірқатар батыс елдерінде мұндай шешім наразылық толқынын тудырды. Чехияда Палестина бөлек тәуелсіз мемлекет болып саналмайды, дегенмен 1980 жылдары сол кезде болған Чехословакия Палестинаның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу