Палестинаны жыл соңына дейін қолдау үшін 481 миллион доллар қажет

320

Адамдар ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр.

Палестинаны жыл соңына дейін қолдау үшін 481 миллион доллар қажет Фото: Abed Rahim Khatib / picture alliance via Getty Images

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттігі донорлар мен серіктестерді 2023 жылдың соңына дейін палестиналықтарға гуманитарлық қолдау көрсету үшін 481 миллион доллар беруге шақырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Аталған агенттіктің үндеуінде, Газа секторындағы бұрын-соңды болмаған қирауға және Батыс жағалаудағы туындап жатқан қажеттіліктерге жауап ретінде басып алынған Палестина территориясының тұрғындарына көмектесу қажеттігі айтылған.

"Агенттік осы жылдың соңына дейін Газа секторы мен Батыс жағалауда зардап шеккен адамдардың ең маңызды гуманитарлық қажеттіліктерін шешу үшін 481 миллион доллар сұрайды", - делінген үндеуде.

БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыс жөніндегі агенттік басшысы Филипп Лаззаринидің айтуынша, агенттіктің мүмкіндігі шегіне жеткен. 720 мың адам агенттіктің Газадағы 150 паналау орнына жайғастырылған. Ондағы адамдар ауыр жағдайда өмір сүріп жатыр.

"Өткен аптада балалар келіп менен бір тілім нан мен бір жұтым су сұрады. Бұл ең қайғылы сәттердің бірі болды", - дейді Лаззарини.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу