Палладий бағасы алғаш рет 1,5 мың доллардан асып түсті

662

Осылайша биыл палладий 19% - ға қымбаттады. Ал өткен жылдың соңында металл құны 16 жыл ішінде алғаш рет алтынның бағасын басып озған болатын.

Палладий бағасы алғаш рет 1,5 мың доллардан асып түсті

Ұсыныс тапшылығына байланысты Палладийдің бір троялық унциясының бағасы 1500 АҚШ долларынан асып түсті,  деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. 

Сауда барысында палладий металының  споттық бағасы 1,7% - ға, бір унция құны 1505,46 АҚШ долларына дейін көтерілді,. Нью-Йорк тауар биржасында наурыз келісім-шарты 0,8%-ға, бір унция 1465 АҚШ долларына жетті. 

Палладий бағасының өсуі "Норникель" мен Оңтүстік Африкалық Amplats корпорациясы үшін тиімді болмақ, себебі Ресей мен ОАР-ға осы металл өндірісінің 80%-ы тиесілі.  

Осылайша биыл палладий 19% - ға қымбаттады. Ал өткен жылдың соңында металл құны 16 жыл ішінде алғаш рет алтынның бағасын басып озған болатын.

Citigroup Inc ақпан айында нарық шок сұраныс жағдайындағы тепе-теңдікті табуға тырысатынын және Палладийдің бір унциясының бағасы 1600 АҚШ долларына  жетуі мүмкін екенін ескертті. 

Сонымен қатар, кейбір сарапшылар палладий бағасының раллиі ұзақ мерзімді болатынына күмән келтіріп отыр. Көбінесе, олар дәлел ретінде Қытай автомобиль нарығының проблемаларын және Еуропа мен АҚШ-та машина сату өсімінің баяулауын көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу