Палладий бағасы алтын құнынан асып түсті

1672

Сарапшылар аталған металл құны әлі де жоғарылайтынын айтуда. 

Палладий бағасы алтын құнынан асып түсті

Қазіргі кезде палладийдің бір унциясының бағасы 1,8 мың долларға жетті. Ал алтынның бір унциясының бағасы бүгінде 1,5 мың долларға бағалануда. Сарапшылар жыл соңына дейін палладий бағасы 2 мың доллардан асып кетуі мүмкін екенін хабарлады.

"Бұл металлдың бағасының өсуі Еуропа мен Қытай автокөлік өндірісі саласында палладийға сұраныстың артуына байланысты", – дейді Saxo Bank тауар мен шикізат нарығындағы стратегия бөлімінің басшысы Оле Хансен.

Жалпы паладий бензин қозғалтқыштарына арналған катализаторлар жасауға қолданылады. Ресейдің Промсвязьбанкінің бас сарапшысы Роман Антоновтың пікірінше, аталған металл бағасы көптеген дамыған мемлекеттер экологиялық талаптарды күшейткендіктен қымбаттауда.

"Қымбат палладийді арзандау платинаға ауыстыру туралы көптеген келіссөздерге қарамастан, әлі ешкім оған көшкен жоқ. Бұл тез арада шешілмейтін, қиын процесс. Өзге өндірісіне палладий пайдаланылмайтын көліктерге ауысу, атап айтсақ, электромобильдерге көшу ұзақтау болады. Сондықтан аталған металл бағасының төмендеуі қазірге мүмкін емес",– деді Роман Антонов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу