Паллиативтік пациенттердің ауырсынуға қарсы препараттарға қол жеткізу мәселелері талқыланды

371

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Паллиативтік пациенттердің ауырсынуға қарсы препараттарға қол жеткізу мәселелері талқыланды Фото: google

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің қолдауымен Қазақ онкология және радиология ҒЗИ АҚ мен Қазақстанның паллиативтік көмек қауымдастығының (ҚПКҚ) бастамасымен паллиативтік пациенттердің ауырсынуын басу мәселелерін түсіндірді.

Кеңес барысында "трамадолмен" қалыптасқан жағдай талқыланды, ауырсынуды басатын дәрілерге тегін рецепт жазып беру ережесі бойынша түсініктемелер берілді, онкологиялық пациенттерді және терминалдық жай-күйі бар басқа да науқастарды ауруға қарсы барабар шаралармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге мұқтаж науқастарды ауырсынуды басатын препараттармен қамтамасыз етуді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді іске асыру жөнінде қосымша түсіндірме хаттар және Қазақстанда паллиативтік көмекті дамытуға қатысты басқа да құжаттар жіберілетін болады.

Кеңеске Қазақстанның барлық өңірлерінен 100 маман, оның ішінде онкологтар, облыстар мен қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, МСАК медициналық ұйымдары мен паллиативтік ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу