БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун Оңтүстік Кореядағы президент сайлауына қатысу туралы шешімін көп кешікпей мәлімдейтінін айтты, деп хабарлады бейсенбі күні жергілікті БАҚ.
"Ол шешім ұзақ уақытты талап етпейді", – деді тілшілерге Пан Ги Мун еліне оралған соң.
Ол президенттікке түспес бұрын осыған қатысты отандастарының пікірін білгісі келетінін атап өтті.
2016 жылдың желтоқсанында Оңтүстік Кореяның парламенті ел президенті Пак Кын Хенің импичментіне жақтап дауыс берген болатын. Президентті қызметтен босатуға қатысты шешімді Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты қабылдайды,ал істің қаралу мерзімі жарты жылдан аспайды
Конституциялық сот дауыс берудің нәтижесін бекіткен жағдайда Кореяда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді.