Пан Ги Мун сайлауға қатысуға парламент рұқсатын алды

870

Пан Ги Мун сайлауға қатысуға парламент рұқсатын алды

Оңтүстік Кореяның парламенті Пан Ги Мунға президент сайлауына қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды 24Хабар.

"Айта кетейік, БҰҰ-ның 1946 жылы қабылданған қарарына сәйкес, халықаралық ұйымның бұрынғы қызметкерлері отставкаға кеткеннен кейін қандай да бір басшылық қызметте болуға тыйым салғанымен, қатып қалған қағида жоқ", - дейді мамандар.

Жалпы, ұйым тарихында осы уақытқа дейін Бас хатшы қызметінде болғандардың бірде-бірі мемлекетті бақсару мәртебесіне ие болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяны басқарған Пак Кын Хе сыбайлас жемқорлық дауына байланысты қызметінен кеткен болатын. Кейін мемлекет басына қаңтарға дейін БҰҰ-ның Бас хатшысы болған Пан Ги Мун келуі мүмкін деген болжам айтыла бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу