Пан Ги Мун саясатқа қайта оралуы мүмкін

864

Пан Ги Мун саясатқа қайта оралуы мүмкін

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Оңтүстік Кореяның саясатына қайта оралуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы "Ёнхап" мәлім етті.

"БҰҰ Бас хатшысы ретінде 10 жыл бойы білген-көргенім, аңғарғаным Корея Республикасының дамуына ықпал ететін болса, онда мен өзімді соған арнауға дайынмын", – деді ол.

Пан Ги Мунның айтуынша, мемлекет басшысын сайлауға қатысу туралы түпкілікті шешімді ел халқымен кездесіп, оның пікірін тыңдаған соң қабылдамақ.

9 желтоқсанда Оңтүстік Кореяның парламенті  президент Пак Кын Хенің импичментіне дауыс беріп, өкілеттігін тоқтатқан болатын.  Елдегі саяси дағдарысқа  мемлекет басшысының жақын құрбысы Чхве Сун Сильдің қатысы бар дау себеп болды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы өз қызметін  өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты 2017 жылғы 1 қаңтарда аяқтайды. Оны Халықаралық ұйымға басшы болып сайланған Антионио Гуттереш алмастырады. Пан Ги Мун 2004 жылғы қаңтар мен 2006 жылғы желтоқсан аралығында Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу