Панама каналында 200-дей кеме тұрып қалды

440

Ғаламдық сауданың 3 пайыздан астамы осы су жолына тиесілі. 

Панама каналында 200-дей кеме тұрып қалды Фото: Vgudok

Панама каналында құрғақшылыққа байланысты 200-ге жуық кеме кептелісте тұрып қалды. Жергілікті билік суды үнемдеу үшін күн сайын өтетін кемелер санын 32-ге дейін шектеген.

Бұл шара Қытай мен АҚШ арасындағы жүк тасымалдау қызмет құнын 40 пайызға өсіріп жіберді. Панама аймағын соңғы 140 жылда болмаған қуаңшылық жайлады. Жауын-шашын күткендегіден 50 пайызға аз жауып жатыр. Осы Панама каналы арқылы әлемнің 160 елін бір-бірімен жалғайтын 140 теңіз жолы өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу