Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық пандемия 2022 жылға дейін созылады деген болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.
ДДСҰ бас директорының аға кеңесшісі Брюс Эйлвард кедей елдерде вакцинаның қолжетімді болмауының салдары осындай болады деген пікірде. Оның айтуынша, дамыған мемлекеттер кедей аймақтарға препарат беру бағдарламасы бойынша өз міндеттемелерін орындамай отыр.
"Біз тез әрекет етуіміз керек. Әйтпесе не болатынын білесіз бе? Бұл пандемия тағы бір жылға созылады", – деді Эйлвард.
Сарапшының мәліметінше, әлемнің көптеген елдерінде тұрғындардың шамамен 40%-ы вакциналанған болса, Африка халқының небәрі 5%-ы екпе ектірген.
Табиғат Нұрболат