Пандемия 29 мың отбасыны "кедейлер" қатарына қосты

808

Тұрмыс деңгейі кедейлік шегінен төмен 130 мың отбасы бар.

Пандемия 29 мың отбасыны "кедейлер" қатарына қосты

Пандемия кезеңінде елдегі кедей отбасылар саны артқан. Мұны Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов атаулы әлеуметтік көмек алатындардың статистикасына сүйеніп айтты.

"Бұған дейін ресми статистикада халықтың 4,5 пайызының тұрмысы кедейлік шегінен төмен шегінен төмен деп көрсетілген болатын. Бұл санатқа атаулы әлеуметтік көмек алатындар жатады. Қазір 130 мың отбасы осы көмекті алады. Биылдан бастап оларға жаңа формат бойынша АӘК мен азық-түлік себетін таратып келеміз. 1 қаңтарда 100,7 мың отбасы АӘК алатын. Пандемия кезінде оларға көмек ұздіксіз көрсетіліп отыр. Осы кезеңде қосымша 29 мың адам АӘК алуға өтініш берді", – деді вице-министр.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу