Пандемия басталғалы бері 18 медицина қызметкері қайтыс болды

869

Қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 11,5 пайызы – медициналық қызметкерлер.

Пандемия басталғалы бері 18 медицина қызметкері қайтыс болды

Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 18 медициналық қызметкер қайтыс болған. Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ондай қайғылы оқиғаның 18 жағдайы тіркелді", – деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл жағдайлардың бәрі бірдей КВИ-мен байланысты емес.

"Алайда, олардың арасында COVID-19 ауруын жұқтырғандарға көмек көрсеткендер де бар", – деді Айжан Есмағамбетова.

Жалпы, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың 11,5 пайызы – медициналық қызметкерлер. Тағы 492 медқызметкер пневмониямен ауырған. 511 медициналық қызметкер емін жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу