Карантин жағдайында еңбек нарығындағы сұраныс та өзгерді. Кей мамандарға сұраныс күрт төмендеп, ал кейбіреуіне ерекше артқан.
Әлемді дүрліктірген пандемия бір адамды байыта түссе, екінші адамды жұмысынан айырып, кедейлік қамытын іліп қойды. Амалы таусылып, жұмыссыз қалған азаматтар кәсібін өзгертуге мәжбүр болуда. Мысалы, Шымкентте той-думанға толы мейрамхана, қазір мектепке айналды. Кәсіпкер 300 млн теңге құйып, ішін мектепке қажет тақта, компьютер, партаға толтырып салды.
Бұдан өзге, пандемия тағы қандай бизнесті тұралатып тастады? Қандай кәсіп иелері табысын, керісінше, арттырды? Ондайлар бар ма?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу