Пандемия: Disney-дің таза табысы 91%-ға азайды

756

Компания Шанхайдағы ойын-сауық саябағын келесі аптада ашады.

Пандемия: Disney-дің таза табысы 91%-ға азайды

The Walt Disney Company осы жылдың екінші тоқсанында былтырғы таза табысының  небәрі 9%-ына қол жеткізді. Бұл туралы CNN басылымы хабарлады. 

Дегенмен корпорацияның түсімі 21%-ға, яғни 14,9-дан 18 млрд долларға дейін өскен. Бірақ бұл фактор табыстың өсуіне ықпал ете алмады. Биылғы қаржы жылының екінші тоқсанында компанияның таза табысы 475 млн доллар болды. Өткен жылы дәл осы уақыт аралығында Disney 5,4 млрд доллар өндірген еді.
Табыстың күрт төмендеуіне Құрама Штаттарда коронавирус пандемиясына байланысты шектеу щараларының енгізілуі түрткі болып отыр. Салдарынан корпорация ойын-сауық саябақтарын жауып, бірнеше фильм мен сериалдардың түсірілімін тоқтатып тастады.

Сәуір айының басында Disney індет кесірінен кейінге қалдырылған бірқатар фильмдердің қашан көрсетілетінін жариялады. Мысалы, "Мулан" мультфильмі 24 шілдеде, ал  "Black widow" фильмі 6 қарашада көрермен назарына ұсынылмақ. Reuters агенттігінің дерегінше, америкалық компания келесі аптада Шанхайдағы Диснейленд паркін ашуға ниет білдіріп отыр. Бірақ мұндай ойын-сауық орындарының Азияның басқа елдерінде, АҚШ-та және Францияда қашан жұмысын бастайтыны әзірге белгісіз. 

Табиғат Нұрболат

Фото: disneyworld.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу