2020 жылдың наурыз айында елімізде 21,6 мың сату және сатып алу келісімі жасалған. 2019 жылғы көрсеткішткен 12,8%-ға артық. Бұл туралы ranking.kz басылымы хабарлады.
Жалпы, бірінші тоқсанда мұндай келісімдердің саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,1%-ға өсіп, шамамен 66,2 мыңнан асқан. Жаңа салынған тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы наурызда 6,8 пайызға өссе, мұнай құнының арзандауына байланысты доллар 17 пайызға қымбаттап отыр.
2019 жылы орташа есеппен алғанда доллар бағасы 10,6 пайызға көтерілсе, тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 10 пайызға қымбаттаған. Соңғы 10 жылда америкалық валюта құны 2,6 есе, ал жылжымайтын мүліктікі 2,1 есе өскен. 2001 жылдан бері доллар 2,6 есе, ал тұрғын үй 12,4 есе қымбаттаған. Яғни Қазақстанда тұрғын үйге құйылған қаржы ұзақ мерзімді пассивті инвестиция ретінде өте тиімді деген сөз. Тағы бір жайт, пәтерді жалға беру құны да өткен айдың қорытындысы бойынша 9,1 пайызға, ал жыл басынан бері 4,1 пайызға өскен.
Табиғат Нұрболат