Пандемия кезінде Дания тұрғындары байи түскен

738

Бұл елдегі бір отбасының орташа жылдық табысы – 2 млн крона немесе 327 мың доллар.

Пандемия кезінде Дания тұрғындары байи түскен

Коронавирус пандемиясы кезінде Дания елінің тұрғындары байи түскен. Bloomberg басылымының дерегінше, үшінші тоқсанда елдегі барлық отбасылардың жиғаны 5,66 трлн кронаға немесе 930 млрд долларға жеткен. 

Яғни соңғы екі тоқсанда олардың активтері 709 млрд кронаға артқан. Елдің Орталық банкінің хабарлауынша, келесі тоқсанда нарық оңалса, бұл көрсеткіш тағы да өсуі мүмкін. Даниядағы бір отбасының орташа жылдық табысы – 2 млн крона немесе 327 мың доллар. 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының дерегінше, келесі жылы әлемдік экономиканың қалыпқа келу қарқыны бәсеңдей түседі, биыл еуроаймақ экономикасы 7,5%-ға қысқарады. Еуроодақта елдері ішінде  індеттен ең аз шығын келген ел – Литва. Бұл елдің ЖІӨ-і небәрі 2,2%-ға кемиді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу