2020 жылы Еуропалық Одақ елдеріндегі халқының саны 447,3 миллионнан 447 миллионға дейін азайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еуростат еуропалық cтатистика агенттігіне сілтеме жасап.
Зерттеушілердің дерегіне сүйенсек, осы мыңжылдықтың басынан бері көші-қон арқасында ЕО халқы саны тұрақты түрде өсіп келген болатын. Сарапшылар Еуропалық одақ тұрғындарының азаюына коронавирустық пандемияның салдары әсер етті деген пікір білдірді.
Тағы бір жайт, ЕО-да қарт адамдардың қатары көбеюде. 80 жастан асқан адамдардың үлесі соңғы 20 жыл ішінде 3,4%-дан 5,9%-ға дейін артқан. Қалаларда еңбекке қабілетті жастағы адамдардың үлесі ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, ал ауылдық жерлерде бала көтеру көрсеткіші қалаларға қарағанда жоғары.Бірінші баласын дүниеге әкелген әйелдердің орташа жасы 2019 жылы 29,4-ке дейін көтерілді. 2013 жылы бұл көрсеткіш 28,8 болған еді.
Табиғат Нұрболат