Пандемия кезінде интернет қолданушыларының байланыс мәдениеті жақсарған

1173

Танымал халықаралық компания әлемнің 30-дан астам елінің интернет қолданушыларына зерттеу жүргізді. 

Пандемия кезінде интернет қолданушыларының байланыс мәдениеті жақсарған

Microsoft корпорациясы пандемия кезінде "Интернеттегі сыпайылық, қауіпсіздік және байланыс" тақырыбында әлем елдерінің ғаламтор қолданушыларына зерттеу жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Зерттеуде жасөспірімдер мен ересектердің онлайн өмірді қабылдауы және олардың төрт санат бойынша онлайн тәуекелге ұшырауы бағаланған. 

"Индекс мәні неғұрлым төмен болса (0-ден 100-ге дейін), респонденттердің тәуекелге бейімділігі соғұрлым төмен болады және сол немесе өзге елдің тұрғындары арасында онлайн сыпайылық деңгейі соғұрлым жоғары болады. Соңғы бес жыл ішінде зерттеуге әлемнің 30-дан астам елінің 58 000-нан астам халқы қатысты. Соңғы есеп бойынша, бүкіл әлемді қамтыған COVID-19 пандемиясына қарамастан, сандық сыпайылық индексінің жаһандық көрсеткіші 2020 жылы соңғы төрт жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда айтарлықтай өсіп, 67%-ды құрады", - деп жазылған хабарламада. 

2020 жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген сауалнамаға осы жолы алты мемлекет қосылған. Олар Дания, Филиппин, Испания, Швеция, Тайвань және Таиланд. Аталған мемлекеттердің ішінде Тайвань сандық сыпайылық индексінің ең қолайлы мәнін көрсетіп, зерттелген 32 ел арасында бесінші орынға шықты. Тайвань өз көрсеткіштерінде Нидерландыдан (51%), Ұлыбританиядан (55%), АҚШ-тан (56%) және Сингапурдан (59%) кейігі орында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу