Пандемия кезінде қазақстандықтардың табысы 4,3%-ға өскен

813

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2020 жылы жан басына шаққандағы орташа атаулы табыс 116 мың теңге болған.

Пандемия кезінде қазақстандықтардың табысы 4,3%-ға өскен

Ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында (215 076 теңге), ең төмені Түркістан обласында (63 443 теңге) тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызмет бағасы 6,8%-ға өскенде халықтың нақты табысы өткен жылмен салыстырғанда 4,3%-ға артты. 2020 жылы халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының ең жоғары мәні Атырау облысында тіркелді. Онда бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден шамамен 2 есе жоғары", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ халықтың табысы Нұр-Сұлтан (174 396 теңге) және Алматы (164 721 теңге) қалаларында жоғары. 

Маңғыстау, Қарағанды облыстарының тұрғындарының табысы орташа есеппен – 141 506 теңге және 130 502 теңге. 

Табысы ең төмен өңірлер – Түркістан облысы (63 443 теңге) және Шымкент қаласы (75 725 теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу