Пандемия кезінде көлік ұрлығы азайды

985

ЕАЭО елдері ұрланған көліктердің ортақ базасын жасайды.  

Пандемия кезінде көлік ұрлығы азайды

Коронавирустық пандемияқ кезінде (2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары) елімізде 160 көлік ұрлығы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 235 темір тұлпар қолды болған, деп хабарлады finprom.kz. 

Осылайша қылмыс деңгейі 31,9%-ға төмендеді. 

Өңірлер бойынша ең көп заң бұзушылық Алматыда (32 жағдай) тіркелген. Мегаполисте көлік ұрлығы 3,5 есе төмендеді. 

Бұл ретте ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев "Хабар 24" арнасының эфирінен өткен брифингте ЕАЭО мемлекеттері қолды болған көліктердің ортақ базасын жасайтынын хабарлаған. 
Министрдің айтуынша, 2005 жылы автоларды қайтару туралы қабылданған келісім өз деңгейінде жұмыс істемейді.  
Осы аралықта елімізде мұндай 220 қылмыс тіркелген. Оның тек 30%-ы Қазақстанға қайтарылған. Жаңа құжат бойынша ЕАЭО елдері екінші тарап жіберген сауал хатқа бір ай ішінде жауап беруі тиіс. 
Сонымен қатар Қазақстанда арнайы техникалық құжаты жоқ бөлшектерді сату шектеліп, шетелге шығатын жүк көліктеріне идентификатор қолданылмақ. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу