Пандемия кезінде құрылыс саласының табысы 60%-ға төмендеді

1187

"Құрылыс жұмыстарын бастау үшін 80 түрлі құжат жинау керек, оған 500 күн кетеді".

Пандемия кезінде құрылыс саласының табысы 60%-ға төмендеді

Бұл туралы AntikorLive жобасы аясында өткен онлайн брифингте "Өркен" қазақстандық республикалық салааралық ынтымақтастық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Болат Омаров мәлім етті. 

"Құжаттарды рәсімдеу уақыты өте өзекті сұрақ. Статистика бойынша құрылыс саласында жұмысты бастау туралы шешім қабылдап, жалпы құрлыс басталғанша құжаттарды рәсімдеуге 500 күн кетеді. Ол үшін 80 түрлі құжат жинау керек. Бұл құрылыс нарығының дамуын тежейді. Нәтижесінде бизнес шығынға ұшырайды. Сондықтан бұл салада да "бір тезере" қағидасы бойынша жұмыс істеу керек", – деген Болат Омаров пандемия кезіндегі статистикаға тоқталды.  

"Пандемия кезінде құрылыс саласының табысы 60%-ға төмендеді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғандағы көрсеткіш. Жалпы барлық салаларға оңай емес. Бірақ жағымды ойлауға тырысу керек. Үкіметте кәсіпкерлерді қолдауда", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу