Пандемия кезінде отын-энергетикалық ресурстар өндіру мен өңдеу 4%-ға төмендеді

1564

Импорт 16%-ға қысқарды. 

Пандемия кезінде отын-энергетикалық ресурстар өндіру мен өңдеу 4%-ға төмендеді

2020 жылы еліміздің отын -энергетикалық ресурстары 371,5 млн тоннаға жетті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға көп. Бір жыл бұрын отын -энергетикалық ресурстар көлемі, керісінше, бірден 15,9%-ға төмендеген болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр отын-энергетикалық ресурстардың 73,8%-ы немесе 274,2 млн тоннасы табиғи отын болды.  Отын мен энергияның басқа түрлерінің үлесі 97,4 млн тоннаны құрады. Табиғи отынның ішінде шикі мұнайдың үлесі 45,7%-ды құрады, оның ішінде газ конденсаты (125,4 млн тонна) бар. Ал көмірдің үлесі 30,1%, оның ішінде қоңыр көмір (82,5 млн бонна) және табиғи газдың үлесі 24,2% (66,3 млн тонна).

Елімізде 292 млн тонна отын -энергетикалық ресурстарды өндіріліп, өңделді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға аз.  Ресурстардың импорты 17,9 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,3%-ға төмен.

Отын-энергетикалық ресурстардың 57,9%-ы ішкі нарықта тұтынуға жұмсалды: 215,4 млн тонна. Оның 159,8 млн тоннасы электр және жылу энергиясын өндіруге, отынның басқа түрлерін өңдеуге және өңдеу өнеркәсібінің өндірістік қажеттіліктеріне жұмсалды, 27,8 млн тоннасы халыққа жеткізілді.

Экспорт 136,9 млн тоннаны құрады, 4,1 млн тонна шығын болды, келесі маусымға қоймада 14,8 млн тонна жанармай қалды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу