Пандемия кезінде педофилдер жасаған қылмыс көбейген

609

Бұған мектептердің карантинге жабылып, салдарынан балалардың интернетті көбірек пайдалануы себеп болып отыр. 

Пандемия кезінде педофилдер жасаған қылмыс көбейген

Коронавирус індеті кезінде педофилдердің интернеттегі белсенділігі артқан. Бұл туралы Еуропалық полиция агенттігі мәлім етті.

Пандемия басталғалы балаларға қарсы жасалған сексуалды қылмыс саны өскен. Агенттік басшысы Катрин де Болльдің айтуынша, қылмыскерлер оқшаулану режимі кезінде интернетте уақытын көп өткізетін балалардың әлеуметтік желідегі парақшаларына жазатын көрінеді. Қыркүйек айында Интерпол да мұндай қылмыстың белең алғанын жариялаған еді.Ұйым мамандарының дерегінше, бұған мектептердің карантинге жабылып, салдарынан балалардың интернетті көбірек пайдалануы себеп болып отыр.

Бұдан бөлек мүлікті ұрлау, контрафактілік санитарлық жабдықтарды сатумен байланысты заң бұзушылықтар мен ауруханаға жасалған кибер шабуылдар жиіліген. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу